Украинада жоғары шенді шенеуніктерге табысын декларациялауды міндеттейтін реформа саясаткерлер мен халықтың әл-ауқаты арасындағы айырмашылықтың жер мен көктей екенін көрсетті.
Кейбір билік өкілдері декларацияда миллиондаған доллар қолма-қол ақшасы барын көрсетсе, кейбірі қымбат көліктері, жер телімдері, сағаттары мен гауһар тастары барын көрсеткен.
Халықаралық валюта қорының қолдауымен құрылған онлайн базаға декларация тапсыру мерзімі 30 қазанда аяқталды. Реестрге тіркелген мәліметтер бойынша, Украина премьер-министрі Владимир Гройсманның әйелі екеуінде 1,2 миллион доллар мен 460 мың еуросы және қымбат сағаттары бар. Бұрынғы бизнесмен әрі облыс мэрі Гройсман өткен аптада табыс декларациясын тапсыруды "ұшақтан секірумен тең" деп атаған еді.
Мәліметтер базасында сонымен қатар Гройсманның ақшасын шетелде сақтауды жөн көретін жалғыз шенеунік емесі байқалады. Reuters-тің есептеуінше, министрлер кабинетінің 24 мүшесінің жиынтық байлығы жеті миллион долларға жетеді.
Украинада орташа айлық жалақы 200 долларды құрайды.