Accessibility links

Бинали Йылдырым: Өлім жазасын қалпына келтіруді ойластырамыз


Бинали Йылдырым, Түркия премьер-министрі.
Бинали Йылдырым, Түркия премьер-министрі.

Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырымның айтуына қарағанда, егер саяси партиялар өлім жазасын қалпына келтіруге қатысты өзара бәтуаға келе алса, онда Анкара өлім жазасын "шектеулі түрде қалпына келтіру" мүмкіндігін қарастырады.

Түркия өлім жазасынан 2004 жылы Еуропа Одағына кіру үшін жүргізген реформалар аясында бас тартқан. Елде соңғы рет өлім жазасы 1984 жылы қолданылған.

Түркияда іске аспай қалған мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетінен соң өлім жазасын қалпына келтіру мүмкіндігі туралы бұған дейін президент Режеп Ердоған мәлімдеген. Брюссель Анкараға өлім жазасын қалпына келтіру Түркияның Еуропа одағына кіруі жөніндегі келіссөзін тоқтататынын ескерткен.

XS
SM
MD
LG