Accessibility links

Ресейде шенеуніктер балаларының шетелде оқуына тыйым салатын заң даярланды


Валерий Рашкин, Ресей мемлекеттік думасының депутаты.
Валерий Рашкин, Ресей мемлекеттік думасының депутаты.

Ресей мемлекеттік думасына шенеуніктердің кәмелетке толмаған балаларын шетелде оқытуына тыйым салатын заң жобасы түсті. Құжатты Коммунистік партия депутаты Валерий Рашкин даярлаған.

Құжат қабылданса, онда 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік және муниципалдық органдардың қызметкерлері балаларын, оның ішінде асырап алған балаларын да шет мемлекеттің мектептері мен жоғары оқу орындарына оқыта алмайды. Жобада мұндай тыйым мемлекеттік компаниялардың топ-менеджерлеріне де салынуы тиіс екені айтылады.

Тыйым шетелдік оқу орындарының Ресейдегі филиалдары мен ресейлік білім беру ұйымдарының шетелдердегі филиалдарына қатысты емес. Сонымен қатар, шетелде қызмет бабымен бір жылдан көп уақыт жүретін шенеуніктерге де бұл тыйым салынбайды.

"Медуза" басылымының хабарлауынша, заң жобасына түсініктеме беру хатында шетелде оқу "елде шынайы ұлттық басқару элитасының қалыптасуына кедергі келтіріп, кадрларды бұзатыны", "Ресейде әлеуметтік теңсіздікті күшейтіп, басқарушы таптың халықтан ажырауына әкеліп соқтыратыны" айтылған.

XS
SM
MD
LG