Accessibility links

Филиппин президенті Родриго Дутерте Ресейді "ұлы ел" деп атады


Филиппин президенті Родриго Дутерте.
Филиппин президенті Родриго Дутерте.

Филиппин президенті Родриго Дутерте Ресей президенті Владимир Путинмен алғаш рет кездесуі кезінде Ресейді «ұлы ел» деп атаған. Екі елдің басшылары қарашаның 19-ы күні Перу астанасы Лимада өтіп жатқан Азия-Тынық мұхит аймағы экономикалық ынтымақтастығы саммиті аясында келіссөздер өткізген.

Дутерте Батыстың «өктемшілдігі» мен «екіжүзділігін» сынап, «АҚШ-пен одаққа сенуге болмайды» деп мәлімдеген.

Путин Дутертені биыл мамырда өткен сайлауда жеңіске жетуімен құттықтап, Филиппин жетекшісі қазірге дейін Ресей мен Филиппин арасындағы сенімділікті нығайту үшін көп шаруа атқарғанын атап өткен.

Соңғы кездері президент Родриго Дутерте Филипиннің байырғы одақтасы АҚШ-ты сынап-мінеуді жиілеткен. Перуге сапарға шығар алдында ол егер Ресей мен Қытай әлемде «жаңа тәртіп» орнатуды ұйғарса, олардың қатарына бірінші болып қосылатыны туралы мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG