Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози консерваторлардың 2017 жылы өтетін президент сайлауына кандидат ұсыну үшін ұйымдастырған праймеризінің бірінші раундында жеңіліп қалды. Саркози бұрынғы премьер-министрлер Франсуа Фийона мен Ален Жюппеден қалып қойды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша Фийона 44, Жюппе 28, ал Саркози 21 пайыз дауыс алған.
Екінші турға өтпей қалған Саркози "мен электоратты сендіре алмадым. Мен Жюппені сыйлаймын. Бірақ маған Фийонаның саяси көзқарастары жақын" деп мәлімдеді. Фийона Саркози президент болып тұрғанда үкіметті басқарған. Саркози 2007-2012 жылдары Франция президенті болған.