Алматыда арнайы іссапармен жүрген Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин метрополитен құрылысымен танысты. Мамин "Сарыарқа" және "Достық" бекеттерінің құрылысын 2020 жылға таман аяқтауды тапсырды.
Оның айтуынша, үкіметте метро құрылысын қаржыландыру тағы қарастырылады. Алматы әкімі Бауыржан Байбек "Қалқаман" және "Западный автовокзал" станцияларының жобасын жасауға қаржы бөлінгенін хабарлады.
Алматы метросы 2011 жылы ашылған. Қазір 9 станция бар.