Accessibility links

Депутат Сұлтанов президенттің "ерен еңбегін" конституцияда көрсетуді ұсынды


Депутат Қуаныш Сұлтанов.
Депутат Қуаныш Сұлтанов.

Астанада өтіп жатқан парламент палаталарының бірлескен жиынында Қуаныш Сұлтанов ел астанасына Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беруді ұсынды.

Бұған қоса депутат Астанада "Тәуелсіз Қазақстан" монументін салып, конституцияда Назарбаевтың "мемлекет құрудағы ерен еңбегін көрсетуге" шақырды.

Жиында Қазақстан тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған декларация қабылданады. Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматуллиннің айтуынша, декларация екі палата депутаттарының ұсынысы бойынша қаралып жатыр.

Декларация текстін оқыған Қуаныш Сұлтанов Астанадағы және еліміздегі басқа да маңызды нысандарды да Назарбаевтың есімімен байланыстыруды ұсынды. Ол "Қазақстанның саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуы Назарбаевтың мықты және кемеңгер басқарушылығының арқасы" деді.

76 жастағы Назарбаев Қазақстанды 1991 жылдан бері басқарып келеді. 2010 жылы қабылданған "ұлт көшбасшысы" заңына сай Қазақстанның бірінші президенті қызметінен кеткеннен кейін қызмет еткен жылдарда жасаған әкімшілік және қылмыстық істері үшін ұсталмайды, қамалмайды, мүлкі тәркіленбейді және жауапқа тартылмайды.

XS
SM
MD
LG