Accessibility links

Еуропарламент Түркияның ЕО қатарына қабылдануын талқылап жатыр


Түркия президенті Реджеп Тайыр Ердоған.
Түркия президенті Реджеп Тайыр Ердоған.

Еуропарламент депутаттарының басым бөлігі Түркияның Еуроодаққа мүшелікке қабылдау процесін белгісіз уақытқа тоқтатуды талап етті. Олар Түркияда шілдеде іске аспай қалған мемлекеттік төңкеріс әрекетінен соң биліктің елдегі жаппай қамау және қудалау әрекетін сынайды.

Түркияны Еуроодақ құрамына қабылдау мәселесіне қатысты дауыс беру бүгін, 24 қарашада өтеді.

Кей депутаттар өлім жазасына оралу мәселесін талқылап жатқан Түркияны Еуроодаққа қабылдауға түбегейлі қарсы шыққан. Түркия президенті Реджеп Тайыр Ердоған Еуроодақты сынап, "олар Түркияны Еуроодақ құрамына қабылдау туралы уәделерінде тұрмады" деді.

«Дауыс беру қорытындысы қандай нәтиже берсе де біз үшін маңызы жоқ" деді Ердоған.

Биыл шілдеде болған мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетінен кейін Түркияда 110 мыңнан астам адам жұмыстан қуылған.

XS
SM
MD
LG