Accessibility links

Алепподағы жағдай: Ресей АҚШ-пен келіссөз өткізеді


Алеппоның шығысындағы Карм әл-Жабал ауданында жүрген үкімет әскері. Сирия, 5 желтоқсан 2016 жыл.
Алеппоның шығысындағы Карм әл-Жабал ауданында жүрген үкімет әскері. Сирия, 5 желтоқсан 2016 жыл.

Ресей билігі АҚШ-пен Алепподан сириялық көтерілісшілердің толық тастап шығуына қатысты келіссөз жүргізетінін хабарлады. Оппозицияшыл көтерілісшілер соңғы апталарда үштен екі бөлігін үкімет армиясы басып алған қаладан эвакуация жасау идеясын қабылдамай тастаған. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың сөзіне қарағанда, Вашингтонмен келіссөз Женевада 6-7 желтоқсанда өтеді. Оппозициялық кейбір көтерілісшіл топтарды қолдайтын АҚШ билігі келіссөзге қатысты әзірге комментарий жасаған жоқ.

"Алеппоның шығыс жағынан кетуден бас тартатын қарулы топтар террористер деп саналады. Біз оларға террористер және экстремистер сияқты қараймыз және Сирия армиясының ол қылмыстық топтарға қарсы операцияларына көмектесеміз" деп мәлімдеді Лавров.

Көтерілісшілер кез-келген эвакуацияны дереу қабылдамай тастады. Алепподағы басты көтерілісшіл топтардың бірі "Нуреддин әл-Зинки" тобының өкілі Ясер әл-Юсеф France Press агенттігіне мұндай ұсыныстардың қабылданбайтынын айтты. Көтерілісшілердің тағы бір өкілі Закария Малахифджи Reuters агенттігіне "Патриотизм мен жауапкершілік сезімі аз ғана болса да бар парасатты адам өз қаласын тастап кетпейді" деді.

XS
SM
MD
LG