Accessibility links

Сирияның ежелгі Пальмира қаласына содырлар қайта енгені хабарланды


«Ислам мемлекеті» экстремистік тобы талқандаған Пальмирадағы ежелгі тарихи ескерткіштің қазіргі жағдайы мен бұрынғы суретін салыстырып қарап тұрған адам. 31 наурыз 2016 жыл. (Көрнекі сурет.)
«Ислам мемлекеті» экстремистік тобы талқандаған Пальмирадағы ежелгі тарихи ескерткіштің қазіргі жағдайы мен бұрынғы суретін салыстырып қарап тұрған адам. 31 наурыз 2016 жыл. (Көрнекі сурет.)

Сириядағы ежелгі Пальмира қаласына исламшыл жихадшылар қайта енген деп хабарлады батыс ақпарат құралдары.

ВВС-дің хабарлауынша, үкімет армиясына қарсы бірнеше күнге жалғасқан шайқастан кейін «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы күштері Пальмира қаласына қайта кірген. Қазір олар қала төңірегінде үкімет әскерімен соғысып жатыр деп хабарланды.

Үкімет армиясы биыл наурызда исламшыл содырларды Пальмирадан ығыстырып шығарған. Қаланы тоғыз ай бойы қолында ұстаған исламшылдар ондағы әлемдік ежелгі тарихтың аса құнды көптеген ескерткіштерін талқандап, жойған.

XS
SM
MD
LG