Accessibility links

Қырғызстанда конституциялық референдум мен жергілікті кеңештер сайлауы аяқталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қырғызстанда конституцияға өзгертулер енгізу туралы бүгін өткен референдум заңды деп танылды. Қырғызстан орталық сайлау және референдум өткізу жөніндегі комиссиясының алдын ала мәліметтері бойынша, референдумге қатысқан сайлаушылардың 79,62 пайызы немесе 1 миллион 154 мың 411 адам конституцияға өзгертулер енгізуді қолдаған.

Дауыс беруге қатысқандардың 15,37 пайызы, яғни 177 мың 933 адам конституцияға өзгертулер енгізуге қарсы екендерін білдірген.

Ресми деректер бойынша, дауыс беруге сайлаушылардың 40,48 пайызы қатысқан. Қолданыстағы заңға сәйкес, референдумге сайлаушылардың 30 пайызы қатысқан жағдайда ол заңды деп саналады.

Қырғызстан орталық сайлау және референдум өткізу жөніндегі комиссиясы жетекшісі Нұржан Шайлдабекованың мәлімдеуінше, референдумның түпкілікті нәтижесі бюллетеньдерді қолмен санап шыққан соң анықталады.

Конституцияға президент, үкімет жетекшісі, депутаттар, судьялар өкілеттіктері мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты барлығы 26 өзгерту енгізу ұсынылған.

Сонымен бірге Қырғызстанда бүгін 22 қалалық және 389 ауылдық кеңеш депутаттары сайлауы өтті.

Қырғызстандағы дауыс беру туралы фотогалерея:

XS
SM
MD
LG