Accessibility links

Өзбекстанда Шавкат Мирзияевті ұлықтады


Шавкат Мирзияев, Өзбекстан президенті.
Шавкат Мирзияев, Өзбекстан президенті.

Өзбекстан президенті болып сайланған Шавкат Мирзияев бүгін ант қабылдап, қызметіне кірісті. Азаттықтың Өзбек редакциясының хабарлауынша, инаугурация парламенттің қос палатасының бірлескен сессиясы кезінде өткен.

Мирзияев Құран кітабы мен Өзбекстан конституциясына оң қолын қойып тұрып, "Өзбекстан халқына адал қызмет етуге" ант берді.

Инаугурацияға Орталық сайлау комиссиясы мен үкімет мүшелері, Конституциялық сот судьялары, шетелдік дипломаттар қатысты.

Бұған дейін ұзақ уақыт Өзбекстан премьер-министрі болған Мирзияев күзде президент Ислам Каримов қайтыс болған соң оның міндетін уақытша атқарған. 4 желтоқсанда ол мерзімінен бұрын өткен сайлауда президент болып сайланды.

XS
SM
MD
LG