Accessibility links

АҚШ Федералдық резерв жүйесі базалық мөлшерлемені көбейтті


АҚШ доллары (Көрнекі сурет).
АҚШ доллары (Көрнекі сурет).

АҚШ-тың Федералдық резерв жүйесі биыл бірінші рет федералдық несиенің базалық пайыздық мөлшерлемесін 0,25-0,5 пайыз мөлшерінен 0,5-0,75 пайызға көбейтті.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, мөлшерлемені көбейту шешімі АҚШ-тағы жұмыссыздық деңгейінің төмендеп, инфляцияның жоғарылауымен байланысты. Бұған дейін экономистер мен қор нарығына қатысушылардың көпшілігі пайыздық мөлшерлеме көтерілуі мүмкін деп болжаған.

Федералдық резерв жүйесі сонымен қатар 2017 жылы базалық мөлшерлеме бұған дейін болжанғандай екі рет емес, үш рет көтерілетінін айтады. Бұған дейін базалық мөлшерлеме 2015 жылы желтоқсанда көтерілген.

Кейбір сарапшылардың пікірінше, базалық пайыздық мөлшерлемені көтеру жақын келешекте мұнай бағасының арзандап, рубльдің құнсыздана түсуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.

Федералдық резерв жүйесінің хабарламасынан соң еуроның долларға шаққандағы құны 1,2 пайызға арзандады. Бұл - наурыздың ортасынан бергі ең төменгі көрсеткіш. Фунт стерлингтің долларға шаққандағы бағамы бір пайызға төмендеді. Мәскеу биржасында доллар бағамы 1,17 пайызға қымбаттады.

XS
SM
MD
LG