Accessibility links

"Интерфакс": Ту-154 бөлшектерінде жарылғыш зат іздері табылмады


Ту-154 ұшағы (Көрнекі сурет).
Ту-154 ұшағы (Көрнекі сурет).

Сочи жағалауында құлаған әскери Ту-154 ұшағының сынықтары мен оның бортында болған адамдардың мүрделерінде сырттан әсер болғанын айғақтайтындай жарақат пен жарылғыш заттардың іздері табылмады деп хабарлады дереккөзіне сілтеме жасаған "Интерфакс" агенттігі. "Интерфакс" әзірге ұшақ терактіден апат болды деген болжам расталмағанын айтқан.

Қара теңізге құлаған ұшақ апатын тексеруге байланысты Ресей күш құрылымдары пайдаланатын Ту-154 ұшақтарының ұшуы уақытша тоқтатылды.

Сонымен қатар апат құрбандарының екеуінің мүрдесі қайда жатқаны анықталған. Оларды жақын уақытта жағаға алып шықпақ. "Интерфакстің" мәліметінше, осымен табылған құрбандардың саны 16-ға жетеді.

Бұған дейін ұшақ кабинасындағы экипаждың сөздерін жазып алатын құрылғы ("немесе "қара жәшік") табылып, жағаға шығарылғаны белгілі болған. Дереккөзі құрылғыдағы алғашқы мәліметтер осы аптаның соңына дейін алынатынын хабарлады. Әскери ұшақ "қара жәшікті" Ресей әскери-әуе күштерінің орталық ғылыми-зерттеу институтына жеткізілмек.

Ресей қорғаныс министрлігінің Ту-154 ұшағы 25 желтоқсан күні таңертең Сочи аэродромынан Сирияға ұшып шыққан кезде апат болған. Ұшақта 92 адам болған, олардың барлығы қаза тапты. Жолаушылар арасында ресейлік әскери қызметкерлер, Сириядағы "Хмеймим" әуе базасындағы Ресей әуе-ғарыш күштері тобын жаңа жыл мерекесімен құттықтауға бара жатқан Александров атындағы ән-би әскери ансамблі мүшелері және ресейлік тоғыз журналист болған.

XS
SM
MD
LG