Accessibility links

БАҚ: Сараптама Ту-154 апатына теракт себеп емес деп тұжырды


Қара теңіздің Сочиге жақын тұсына құлаған Ту-154 ұшағының бөлшектері. 29 желтоқсан 2016 жыл.
Қара теңіздің Сочиге жақын тұсына құлаған Ту-154 ұшағының бөлшектері. 29 желтоқсан 2016 жыл.

Қара теңізге құлаған Ту-154 ұшағының сынықтарын зерттеген тергеушілер ұшақта теракт болды немесе әскери зымыран тиді деген болжамдарды терістеді. Бұл туралы ұшақ апатын тергеу тобындағы дереккөзіне сілтеме жасаған ресейлік "Коммерсант" басылымы хабарлады.

Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) жарылғыш құрылғылар бойынша сарапшылары ұшақ сынықтары, жолаушылардың жеке заттары, жүктері мен гуманитарлық жүктер, орындықтар мен ұшақтың ішкі бөлшектерінде жарылғыш заттың белгілері бар-жоғын тексерген. Олар сонымен қатар ұшақ конструкциясының қалай қирағанын да тексеріп, ұшақта теракт болмаған немесе оны жерден зымыранмен атып құлатпаған деген қорытындыға келген.

Бұған дейін Ресей қарулы күштері ұшу қауіпсіздігі қызметінің жетекшісі Сергей Байнетов ұшақ бортында теракт болуы мүмкін деген болжамды жоққа шығармайтынын, бірақ ол жарылыс түрінде емес, әлдебір механикалық әсер ету арқылы ажсалған болуы екенін мәлімдеген. Ол сонымен қатар экипаж командирі бортта штаттан тыс жағдай туғаны туралы хабарлап үлгергенін де айтты.

2016 жылы 25 желтоқсанда Сочиден Сирияға ұшып шыққан Ресей қарулы күштерінің Ту-154 ұшағы Қара теңізге құлаған. Апаттан ұшақтағы 92 адамның барлығы қаза тапты.

XS
SM
MD
LG