Accessibility links

Донбастағы жағдайға байланысты жиын шұғыл өтпек


Украин сарбазы Авдеевка түбінде ресейшіл сепаратистермен ұрыс кезінде гранатометтен атқылап тұр. Украина, қараша 2016 жыл.
Украин сарбазы Авдеевка түбінде ресейшіл сепаратистермен ұрыс кезінде гранатометтен атқылап тұр. Украина, қараша 2016 жыл.

Украина президенті Петр Порошенко өз әкімшілігіне Авдеевка ауданындағы жағдайға байланысты Донбастағы жағдайды реттеу жөніндегі үш жақты байланыс тобының отырысын дайындауды тапсырды. Бұл туралы президент әкімшілігі басшысының орынбасары Константин Елисеев украиналық "5 канал" телеарнасының эфирінде айтты.

Минскідегі үш жақты байланыс тобының келесі отырысы 1 ақпанға белгіленген. Бірақ, Елисеевтің сөзінше, топтың шұғыл жиыны жоспарлы уақыттан ерте өті тиіс.

Бұған дейін 29 қаңтар күні таңертең қарулы сепаратистер Авдеевка түбіндегі өндірістік аймақта украин армиясының шебін басып алу үшін шабуыл бастағаны хабарланған. Ұрыстан екі жақтан да адам шығыны болған.

"Украинская правда" басылымының хабарлауынша, президент Петр Порошенко 30 қаңтарда Авдеевкадағы жағдайға байланысты Германияға жоспарлаған жұмыс сапарын тоқтатқан.

XS
SM
MD
LG