Accessibility links

АҚШ апелляциялық соты Трамптың миграция туралы жарлығын қолдамады


Дональд Трамп, АҚШ президенті.
Дональд Трамп, АҚШ президенті.

АҚШ апелляциялық соты президент Дональд Трамптың елге босқындар мен мұсылмандар басым тұратын жеті ел азаматтарының кіруіне уақытша тыйым салу туралы жарлығын күшінде қалдырудан бас тартты. Сан-Францискодағы үш судьядан тұратын апелляциялық алқа кеңесі федералдық соттың Дональд Трамп жарлығының күшін тоқтатқан шешімін күшінде қалдыруды бірауыздан қолдады.

Енді Ақ үй апелляциялық сот шешіміне Жоғарғы сотқа шағымдануы мүмкін. Себебі Трамп сот шешіміне қатысты Twitter-де "Сотта кездесеміз, мемлекеттің қауіпсіздігіне қауіп төніп тұр" деп жазды.

Апелляциялық сот АҚШ үкіметі Трамп жарлығын дереу қалпына келтіру қажетігіне қатысты дәлел ұсынбады деп, соттың президенттің миграциялық саясатын қайта қарайтын заңдық құзыреті жоқ деген уәжін қабылдамай тастады.

Судьялар тыйымға қарсы шыққан штаттар діни кемсітушілікке қатысты күрделі мәселелерді көтергенін, ал Трамп әкімшілігі қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төнетініне дәлел келтіре алмағанын айтты. Соттың ұйғарымынша, Ақ үй тйым салынған жеті мұсылман елі - Иран, Ирак, Судан, Сомали, Ливия, Йемен және Сирия азаматтарының АҚШ-та терактілер жасағанын дәлелдей алмады.

XS
SM
MD
LG