Associated Press агенттігінің фотографы Бурхан Озбиличи Ресейдің Түркиядағы елшісін тапаншамен атқан түрік полицейінің суреті үшін World Press Photo конкурсының жеңімпазы деп танылды. Сурет 19 желтоқсанда Анкарадағы сурет көрмесінде 22 жастағы полицей Мевлют Алтынташ оқ тиіп жерге құлаған елші Андрей Карловтың қасында тұрған сәтте түсірілген.
Озбиличи "Мен оқ атылғанын естігенде мұның өте маңызды, тарихи сәт екенін түсіндім. Мен өз жұмысымды істеуім керек екенімді білдім. Журналист ретінде өзімді құтқару үшін қашып кете алмадым" деді Бурхан Озбиличи. Сурет интернетте 18 миллион рет көрілген.