Accessibility links

HRW: Пәкістан мыңдаған ауған босқынын еліне қайтуға мәжбүрлеп отыр


Пәкістаннан Ауғанстанға оралатын босқындар.
Пәкістаннан Ауғанстанға оралатын босқындар.

Пәкістан мыңдаған ауған босқынын зорлық-зомбылық пен кедейліктен қажыған Ауғанстанға оралуға мәжбүрлеп жатыр деп мәлімдеді Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы. "Мұны қазіргі кезде әлемдегі босқындарды еліне қайтуға заңсыз мәжбүрлеудің ең үлкен оқиғасы деп атауға болады" дейді ұйым 13 ақпанда жариялаған баяндамасында.

Пәкістан ауғандық босқындар елдің солтүстік-шығысында содырлардың шабуылдарынан соң ушыға түскен ішкі қауіпсіздік мәселесіне байланысты шығарылып жатыр деп түсіндіреді. Исламабад ол содырларды көршілес Ауғанстанда жысырынып жүрген бүлікшілермен байланыстырады.

Совет одағы Ауғанстанда соғысқан 1980 жылдары Пәкістан бес миллионға тарта ауғандық босқынды паналатқан. Кейбір есептер бойынша, қазір Пәкістанда 1,3 миллион тіркелген ауғандық босқын тұрып жатыр. Бұл - әлемде бір елде біраз уақыттан бері тұрып жатқан ең үлкен босқындар диаспорасы саналады.

Өткен жылы Ауғанстан президенті Ашраф Ғани Пәкістанда тұратын ел азаматтарын отанына оралуға шақырып, олардың өмір сүруіне жағдай жасалатынына уәде берген. Содан бері Ауғанстанға тіркелген 380 мың босқын мен 250 мың тіркелмеген босқын оралған. Пәкістан билігі адамдардың өз еркімен қайтып жатқанын айтады. Босқындардың еліне қайту мерзімі жылдың соңына дейін ұзартылған. Human Rights Watch бұл мерзім 2019 жылдың соңына дейін жалғасуы тиіс деп санайды.

XS
SM
MD
LG