Accessibility links

Мемлекеттік дума басшысы: Ресей президентін қорғайтын заң керек


Владимир Володин, Ресей Мемлекеттік думасының төрағасы.
Владимир Володин, Ресей Мемлекеттік думасының төрағасы.

Ресей Мемлекеттік думасының төрағасы Владимир Володин Ресейге президенттің абыройы мен қадыр-қасиетін қорғайтын заң керегін мәлімдеді деп хабарлайды Азаттықтың Орыс редакциясы. Володин бұл жөнінде Татарстандағы "Иннополис" университтінде студенттердің бірінің президент Владимир Путинге "ақпараттық соққы" жасалып жатқаны туралы сауалына жауап ретінде айтты.

Володин халықаралық тәжірибеге сүйеніп, мұндай заңдардың "біраз елде барын" айтты. Оның сөзінше, президент болып сайланған адам президенттік институтын басқарады. "Барлық институттар қорғалған. Бірақ Ресейде бұл мәселе заңды түрде реттелмеген" деді Володин. Дегенмен ол Мемлекеттік думаның күн тәртібінде әзірге мұндай мәселе жоғын айтады.

Бұл ұсынысқа қатысты журналистерге комментарий берген Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Кремльдің мемлекет басшысының абыройы мен қадыр-қасиетін қорғау туралы заңға қатысты ұстанымы айқын емесін айтты. "Мәселені зерттеп көру керек. Оның ішінде халықаралық тәжірибені де қарау қажет" деді Песков.

2014 жылы сол кезде президент әкімшілігі басшысының орынбасары болып тұрған Владимир Володин "Валдай" халықаралық клубының жиынында "Путин бар болса - Ресей де бар болады, Путин жоқ болса Ресей де жоқ болады" деп ұран көтерген.

Кейін ол барлық шенеуніктерге Владимир Путиннің "Әлемді өзгерткен сөз" деп аталатын оқып шығуға кеңес берген. "Бұл кітап кез-келген саясаткердің қолдан түспейтін кітабына айналуы тиіс" деген Володин.

XS
SM
MD
LG