Accessibility links

БАҚ: Ресей елшісінің өліміне қатысты жаңа күдікті ұсталды


Түркия полициясы (Көрнекі сурет).
Түркия полициясы (Көрнекі сурет).

Түркиялық ақпарат құралдары Ресейдің Түркиядағы елшісінің өліміне қатысты іс бойынша жаңа күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Мемлекеттік Anadolu агенттігінің полициядағы құпия дереккөзіне сілтеме жасап хабарлауынша, күдікті 15 ақпанда Анкарада ұсталған. Ол 2016 жылы 19 желтоқсанда Анкарада өнер көрмесінде Ресей елшісі Андрей Карловты атып өлтірген Мевлют Мерт Алтынташпен телефонмен сөйлесті деген күдікке ілінген.

22 жастағы Алтынташ қылмыс жасаған кезінде "Алеппоны ұмытпаңыздар" деп айқайлап, Ресейдің Сириядағы азаматтық соғысқа киліккенін айтқан. Кейін оны полиция атып өлтірген. Anadolu агенттігінің мәліметінше, жаңа күдікті - қазір елшінің өліміне қатысты қамауда отырған төрт адамның бірі. Олардың арасында бір полицей де бар.

XS
SM
MD
LG