Accessibility links

АҚШ Мәскеудің "ДХР" мен "ЛХР" құжаттарын мойындау жайлы шешімін сынады


Украина билігі террористік ұйымға жатқызған, өзін өзі жариялап алған "Донецк халық республикасы" шығарған "паспорт".
Украина билігі террористік ұйымға жатқызған, өзін өзі жариялап алған "Донецк халық республикасы" шығарған "паспорт".

Киевтегі АҚШ елшілігі Украинаның Донецк және Луганск облыстарының жекелеген аудандары тұрғындарына сол аймақтардағы ресейшіл сепаратистер берген құжаттарды Ресейде уақытша заңды деп тану туралы Мәскеудің қабылдаған шешімін жанжалды реттеу жөніндегі Минск келісіміне қайшы деп мәлімдеді. Мұндай мәлімдемені америкалық елшілік бүгін Twitter әлеуметтік желісінде жариялады. Сонымен бірге АҚШ елшілігі жанжал аймағында атысты тоқтатуды қамтамасыз ету мақсатында Ресей мен сепаратистерді ауыр қару түрлерін қарсылас тараптар арасын бөліп тұрған сызық бойынан алып кетуге шақырған.

Бұған дейін ақпанның 18-і күні Ресей президенті Владимир Путин Украинаның шығысындағы Донецк және Луганск облыстарының жекелеген аудандарында өзін-өзі жариялап алған «халық республикаларындағы» ресейшіл сепаратистердің берген құжаттарын Ресей билік орындарына уақытша заңды деп тануға рұқсат беретін жарлыққа қол қойған.

Украина президенті Петр Порошенко Мәскеудің бұл шешімі «Ресей басқыншылығының кезекті айғағы» деп атаған.

Сенбі күні Ресей, Украина, Германия және Франция сыртқы істер министрлері Мюнхенде кездесіп, Украинаның шығысында ақпанның 20-сынан бастап атысты тоқтату туралы жаңа уағдаластық жасаған.

XS
SM
MD
LG