Киевте Украинаның ресейшіл сепаратистер бақылауындағы шығыс аудандарын блокадаға алуды қолдайтын демонстрацияға қатысқан ұлтшылдар мен басқа да адамдар полициямен қақтығысты.
Өткен айда еріктілер батальоны Донбастағы сепаратистерден көмір сатып алуға кедергі келтіру мақсатымен Донецк және Луганск облыстарымен арадағы теміржол байланысын тоқтата бастаған. Бұл елдің басқа аудандарында отын мен электр қуатының тапшылығына соқтырған.
Өткен аптада Украина президенті Петр Порошенко елде жартылай төтенше жағдай жариялап, тұрғындар мен компанияларды электр қуатын үнемдеуге шақырған. Наразылық акциясына қатысқандар 19 ақпанда теміржолды жабуды қолдап, Киевтің орталығына жиналған. Кейбір ақпарға қарағанда, акцияға қатысқандар "Коррупцияға ұшыраған үкіметке масқара!" және "Дұшпан арамызда жүр" деп ұрандатқан. Депутат Егор Собелевтің Азаттыққа айтуына қарағанда, тәртіпсіздікке қатысты ұсталған жеті адамның арасында Украина ұлтшылдары ұйымының жетекшісі Микола Кохановский бар.