Қазақстандық шаңғышы Елена Коломина Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан 8-қысқы Азия ойындарында күміс медальді жеңіп алды. Коломина жүлдені классикалық стильде 1,4 километр қашықтықтағы спринт жарысында алды. Бұл - Қазақстан Саппоро ойындарында алған алғашқы жүлдесі.
Жарыстың алтын жүлдесін қытайлық Дандан Ман, қоланы австралиялық Кэйси Райт алды.
Саппородағы 19 ақпанда басталған Азия ойындары 26 ақпанда аяқталады.