Accessibility links

Нидерланд депутаттары ЕО-Украина келісімін мақұлдады


Нидерланд парламенті мен туы (Көрнекі сурет).
Нидерланд парламенті мен туы (Көрнекі сурет).

Нидерланд парламентінің төменгі палатасы Украинаның Еуропа Одағымен (ЕО) ассоциация туралы келісімін ратификациялауды қолдап дауыс берді. Енді келісім жоғарғы палата - сенаттың қарауынан өтуі тиіс. 2014 жылы наурызда қол қойылған келісім осыдан кейін ғана күшіне енеді. Өкілдер палатасының келісімді мақұлдауы алдын ала күтілген жайт болды, себебі ондағы көпшілік орынға басқарушы коалиция ие. Енді сенаттағы дауыс беру елде 15 наурызға белгіленген парламент сайлауынан соң өтпек.

Нидерланд - ЕО-дағы келісімді мақұлдамаған жалғыз мемлекет. Өткен жылы сәуірде өткен референдумда дауыс бергендердің 61 пайызы келісімге қарсы болған. Референдум нәтижесінің заңды күші болмағанымен, үкімет келісімге қосымша құжаттың қабылдануын талап еткен. Қосымша құжат өткен жылы желтоқсанда ЕО саммитінде қабылданған. Онда ассоциация туралы келісімнің Украинаның ЕО-ға қосылуына немесе одан әскери көмек алуына құқық бермейтіні айтылған.

XS
SM
MD
LG