Accessibility links

Трамп АҚШ-қа кіруді шектейтін жаңа жарлығын шығарды


Дональд Трамп, АҚШ президенті.
Дональд Трамп, АҚШ президенті.

АҚШ президенті Дональд Трамп ел аумағына мұсылмандар басым тұратын алты ел азаматтарының кіруіне уақытша тыйым салатын жарлығының жаңа нұсқасына қол қойды. Трамптың жеті ел азаматтарының кіруіне тыйым салатын алғашқы жарлығын федералдық судьялар тоқтатып тастаған болатын. Жаңа жарлықта 90 күнге дейін Иран, Сирия, Судан, Ливия, Сомали және Йемен азаматтарына виза беру тоқтатылатыны айтылған. Бұл елдердің ендігі виза алып қойған азаматтары АҚШ-қа кіре алады. 16 наурыздан бастап күшіне енетін жаңа жарлық босқындардың 120 күнге дейін АҚШ-қа кіруін тоқтатады, бірақ соңғы жарлықта сириялық босқындардың АҚШ-қа кіруіне шексіз мерзімге тыйым салынатыны айтылмаған.

Алғашқы жарлықта жоғарыда аталған алты ел және Ирак азаматтарының елге кіруіне үш айға дейін тыйым салған еді. Жаңа жарлықта ирактықтарға салынған тыйым жойылған. Құжатта Бағдад жарлық шыққан 27 ақпаннан бері "елден шығу құжаттарын бақылауды жақсарту, ақпарат алмасу және депортациялау туралы түпкілікті шешім шыққан Ирак азаматтарын қайтару бойынша шаралар жасағаны" айтылады.

Жарлықтың сонымен қатар алты елдің АҚШ-та тұрақты тұруға рұқсаты бар азаматтарына қатысы болмайды.

Трамп иммиграцияны шектеу шараларын елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасап жатқанын айтады. Оған қарсылар Трампты шетелдіктерді діни ұстанымы бойныша кемсіту саясатын ұстанып отыр дейді. Бірақ Ақ үй бұл айыптауды жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG