Accessibility links

Ақ үй Трамптың Обамаға таққан айыбын жұмсарта бастады


Шон Спайсер, Ақ үйдің баспасөз хатшысы.
Шон Спайсер, Ақ үйдің баспасөз хатшысы.

Ақ үй президент Дональд Трамптың экс-президент Барак Обама 2016 жылы сайлау кампаниясында өз штабының телефондарын тыңдауға бұйрық берді дген айыбын жұмсартқанға ұқсайды.

Бұған дейін АҚШ әділет министрлігі конгресмендерден Трамптың айыбына дәлел келтіруге көбірек уақыт беруді сұраған.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Шон Спайсер 13 наурызда Трамптың Обаманы сөзбе-сөз тура айыптауды білдірмейді деген. Спайсер Трамп осы айдың басында Twitter-де жариялаған айыптау жазбасында кең мағынадағы "аңду мен басқа да әрекеттерді" меңзегенін айтты.

Экс-президент Барак Обаманың өкілі евин Льюис Трамптың айыптауын "шылғи өтірік" деп атаған.

Конгрестің өкілдер палатасының тергеу комитетінің жетекшілері әділет министрлігіне бұған қатысты айғақтарын 20 наурызға дейін көрсетуге уақыт беріп, егер айып дәлелденбесе сотқа беретінін білдірген.

Әділет министрлігі конгресмендердің айғақ ұсыну туралы талабына жуап беруге міндетті емес.

4 наурызда Трамп Twitter-де Обаманы 2016 жылы сайлау кампаниясы кезінде Нью-Йорктегі өзінің кеңсесіне аңду құрылғыларын орнатуға бұйрық берді деп айыптаған. Бірақ президент айыптауына дәлел ұсынбады.

XS
SM
MD
LG