Пентагон Сирияда өткен аптада химиялық қарумен шабуыл жасауда Ресейдің рөлі қаншалықты болғанын тексеріп жатыр. АҚШ қорғаныс министрі Джеймс Мэттис әзірге шабуылды Сирия үкіметі ұйымдастырғанын мәлімдеді. "Барлу мәліметтерімен жеке өзім таныстым. Сирия режимінің шабуыл жасау туралы шешім қабылдауға және оны іске асыруға жауапты екеніне ешқандай күмән жоқ" деді Мэттис.
Мэттис кейбір америкалық ресми тұлғалар шабуыл Сириядағы Ресей әскери күштері орналасқан аэродромнан жасалғанын айтып, шабуылға Ресейдің қатысы бар деп санайтынын, бірақ АҚШ-та Ресейдің қатысы барына дәлел жоғын да мәлімдеді.
Пентагон басшысының сөзінше, "Асад режимінің шабуылды ұйымдастырып, оны жасағаны айдан анық". Дегенмен ол бұдан өзге ешнәрсе айта алмайтынын жеткізді. Министр Сирия билігін химиялық қару қолданудан сақтандырып, Дамаск егер оны қолданса "ауыр зардап тартатынын" айтты. Мэттис АҚШ-тың Сириядағы басты мақсаты - "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымын күйретуге бұрынғыдай көңіл бөліп отырғанын жеткізді. Оның сөзінше, Сириядағы америкалық әскери кампанияның мақсаты өзгермейді.