АҚШ президенті Дональд Трамп НАТО-ның "бұдан былай ескірген ұйым" емесін мәлімдеп, өзінің сайлауалды кампаниясында айтқан сөздерінен қайтты. Ақ үйде өткен баспасөз конференциясында Трамп НАТО-ның терроризммен күрестегі рөлін қуаттағанымен, альянсты "ирак және ауғандық серіктеріне" көбірек көмек көрсетуге шақырды.
Трамптың сөзіне қарағанда, НАТО - "халықаралық бейбітшілік пен тұрақтылықтың тірегі", бірақ ұйымның еуропалық мүшелері "өздеріне тиісті ақысын төлеуі тиіс". Ол НАТО-ға кіретін елдерді альянсқа бөлетін қаржысын көбейтуге шақырды. Трамп сонымен қатар АҚШ-тың "Ресеймен мүлдем тату бола алмайтынын" мәлімдеп, қарым-қатынастың "бұрын-соңды болмаған деңгейде нашарлағанын" айтты. Ол Ресей президенті Владимир Путинмен байланысын жақсартудан үмітті екенін білдірді. "Не болғанын көрерміз" деді АҚШ президенті.
Сириядағы жағдайға комментарий берген Трамп "Бұл азаматтық соғысты тоқтатып, террористерді күйретіп, босқындардың еліне оралатын мезгілі жетті" деді. Баспасөз конференциясына сонымен қатар НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг те қатысты. Конференция өтіп жатқан уақытта АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен. Кездесуден соң Тиллерсон журналистерге екі жақты қарым-қатынастың "төмен деңгейде" екенін мәлімдеді.