Accessibility links

Путин: ЕАЭО оң нәтижесін бере бастады


Ресей президенті Владимир Путин (ортада) Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің жиынында. Бішкек, 14 сәуір 2017 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин (ортада) Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің жиынында. Бішкек, 14 сәуір 2017 жыл.

Еуразия экономикалық одағы (ЕАЭО) өз нәтижесін бере бастады деп мәлімдеді бүгін ЕАЭО басшыларының Бішкекте өтіп жатқан жиынында Ресей президенті Владимир Путин.

Путин ЕАЭО құрамындағы елдердің экономикалары "қиындықтарға төтеп бере алғанын", экономикада ілгерілеушіліктің байқала бастағанын, ауыл шаруашылығы саласындағы өсімге "Ресейдің үлкен үлес қосып жатқанын" айтты.

Бұған қоса ол Ресейдің ауыл шаруашылығы саласындағы импорттың 62 пайызын ЕАЭО елдерінің тауарлары құрайтынын, Қырғызстаннан импортталатын текстиль 38 пайызға артқанын жеткізді.

Ресей президентінің сөзінше, Қырғызстанның ЕАЭО-ны модернизациялау жобасы дамытылып, тауарларды электрондық қадағалау жүйесі енгізіледі.

ЕАЭО-ға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей мүше.

XS
SM
MD
LG