Accessibility links

Ердоған еуропалық бақылаушыларды сынады


Режеп Ердоған, Түркия президенті.
Режеп Ердоған, Түркия президенті.

Түркия президенті Режеп Ердоған президент құзыретін күшейту жөніндегі референдумға қатысқан еуропалық бақылаушыларды қатаң сынады. ЕҚЫҰ мен Еуропа кеңесі парламенттік ассамблеясының (ЕКПА) өкілдері 17 сәуірде "расымен демократиялық дауыс беру өткізуге" құқықтық шарттардың жеткіліксіз болғанын" мәлімдеген. Бақылаушылар сонымен қатар үгіт-насихат кампаниясы "теңдей жағдайда жүргізілмегенін", ал бюллетеньдерді санау жұмысының "процедуралық өзгерістердің кешеуілдеп жасалғанына" байланысты бұзылғанын айтқан.

АҚШ мемлекеттік департаменті де кейінірек "дауыс беру күнінде заң бұзылғанына және елде төтенше жағдай жарияланғанына байланысты қиын жағдайда үгіт-насихат кампаниясын жүргізуде теңдей жағдай жасалмағанына" алаңдайтынын мәлімдеген.

Ердоған сынды қабылдамай тастап, ЕҚЫҰ бақылаушыларына "өз орнын білуге" кеңес берді. Ол сонымен қатар Түркия "ЕҚЫҰ миссиясының есебін көрмейді, тыңдамайды және мойындамайды" деді.

Ердоғанның сөзіне қарағанда, Түркия "егер қажет болса" Еуропа Одағына қосылу туралы келіссөзді тоқтату жөніндегі өз референдумын өткізеді. 16 сәуір күні кешке Түркияның сайлау комиссиясы референдумға қатысқан сайлаушылардың 51,3 пайызы конституцияға елде президенттік басқару формасын құруға мүмкіндік беретін 18 өзгеріс енгізуді қолдағанын хабарлаған. Конституцияға енгізілетін өзгерістер сонымен қатар Ердоғанның 2029 жылға дейін билікте қалуына жол ашады.

XS
SM
MD
LG