Accessibility links

Тбилиси Лавровтың Абхазияға барғанына наразы


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров (сол жақта) Мәскеу Абхазиядағы өзінің елшілігі әрі консулдығы санайтын ғимаратқа қарап тұр. Сухуми, Абхазия, 18 сәуір 2017 жыл.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров (сол жақта) Мәскеу Абхазиядағы өзінің елшілігі әрі консулдығы санайтын ғимаратқа қарап тұр. Сухуми, Абхазия, 18 сәуір 2017 жыл.

Грузия Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Грузиядан бөлінген Абхазия аймағына сапарлап барғанын сынады. Грузия премьер-министрінің Ресеймен қарым-қатынас бойынша арнайы өкілі Зураб Абашидзе Лавровтың аймаққа екі күндік сапары "Грузияның егемендігіне нұқсан келтіретінін" мәлімдеді. Грузия сыртқы істер министрінің орынбасары Давид Жалагания Ресейдің "халықаралық құқық принциптерін елемей отырғанын" айтты.

Лавров 18 сәуірде Сухумиде Абхазиядағы сепаратистердің басшыларымен кездесіп, Мәскеу осы аймақтағы өзінің елшілігі әрі консулдығы деп санайтын жаңа ғимараттың ашылу салтанатына қатысқан.

Абхазия Грузиядан 1992-1993 жылдардағы соғыста бөлініп кеткен. Ресей 2008 жылы Грузиямен қысқа мерзімдік әскери қақтығыстан соң осы аймақтың және жікшіл Оңтүстік Осетия аймағының тәуелсіздігін мойындаған. Көп мемлекеттер Абхазия мен Оңтүстік Осетияны Грузияның бір бөлшегі санайды. Ресей бұл аймақтарға мыңдаған әскерін орналастырған.

XS
SM
MD
LG