Accessibility links

Сирияда тағы бір ресейлік әскери кеңесші оққа ұшты


Сириядағы Ресей әскери қызметкерлері. Сәуір 2017 жыл.
Сириядағы Ресей әскери қызметкерлері. Сәуір 2017 жыл.

Ресей қорғаныс министрлігі Сирияда ресейлік әскери кеңесші, подполковник Алексей Бучельниковтың қаза тапқанын хабарлады. Кеңесші Сирияда Сирия армиясының артиллеристерін жаттықтыратын топтың құрамында болған. Министрлік мәлімдемесінде "жаттығу кезінде бөлімшелердің біріне мергендер оқ жаудырып, Бучельниковтің ауыр жараланғаны" айтылады.

Бучельников оққа ұшқан соң мемлекеттік наградаға ұсынылған. Соңғы уақытта Сирияда осымен екінші ресейлік әскери қызметкер қаза тауып отыр. 20 сәуірде қорғаныс министрлігі Сирия әскери бөлімшелерімен олардың штабын нығайтуға жұмыс істеп жүрген майор Сергей Бордовтың қаза тапқанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG