Accessibility links

Жоғарғы сот "Путинді сынаған" Ақтөбе тұрғынының шағымын қабылдамады


Санат Досов, "Путинді сынағаны" үшін соталған Ақтөбе тұрғыны. Сурет жеке мұрағаттан алынды.
Санат Досов, "Путинді сынағаны" үшін соталған Ақтөбе тұрғыны. Сурет жеке мұрағаттан алынды.

Қазақстан Жоғарғы соты Facebook парақшасында Ресей президенті Владимир Путинді сынаған жазбаларына бола "алауыздық тудырды" деп айыпталып, үш жылға сотталған белсенді Санат Досовтың сот үкіміне кассациялық шағымын қараудан бас тартты. Бұл туралы Азаттыққа Досовтың әйелі әрі қорғаушысы Әсел Жұмағазина хабарлады.

Оның айтуынша, Жоғарғы соттың Досовтың шағымын қараудан бас тартқаны 4 мамырда белгілі болған. Сол күні Досовтың шағымын алдын ала қараған жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқысының судьясы Нұрышев бұған дейінгі сот шешімдерін қайта қарауға негіз жоқ деп, шағымды кассациялық инстанцияда қараудан бас тартқан.

Ақтөбе облыстық №2 соты 2016 жылы 27 желтоқсанда Санат Досовты қылмыстық кодекстің 174-бабының 1-бөлімі бойынша ("әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру") айыпты деп танып, үш жылға соттаған.

46 жастағы Санат Досов 2014 жылдың шілдесі мен 2016 жылдың наурызы аралығында жазған жазбаларында Ресей президентін "елді қиратты" деп айыптап, оның саясатын және Кремльдің Шығыс Украинадағы әрекетін сынаған.

XS
SM
MD
LG