Accessibility links

Зерттеу: Газды қымбатқа жеткізіп, миллиондаған доллар кіріс тапқан компанияның Мирзияев отбасымен байланысы бар


"Ultimo Group Limited" акцияларын анасының атына жазған Каюмов Мирзияевтің күйеу баласы Отабек Омаровпен байланысы бар "Ташкент сити молға" жетекшілік етеді
"Ultimo Group Limited" акцияларын анасының атына жазған Каюмов Мирзияевтің күйеу баласы Отабек Омаровпен байланысы бар "Ташкент сити молға" жетекшілік етеді

Азаттықтың Өзбек қызметінің зерттеуінде Өзбекстан президентінің отбасымен байланысы бар компания мемлекетпен құны 100 миллион доллардан асатын келісім-шарт жасасқаны айтылған. Олардың арасында елдегі ірі цемент зауытына қымбат бағамен газ жеткізу жөніндегі ірі келісім де бар.

Мемлекеттік Ultimo Group Limited компаниясы мен Өзбекстандағы Qizilqumsement зауытымен арасындағы келісім наразылық пен көптеген сұрақ туғызды.

Зерттеуде айтылғандай, президент Шавкат Мирзияев туыстарының әріптестері газ жеткізу бойынша мемлекеттік келісім-шартқа ие болған. Құжат құны 36 миллион доллардан кем емес. Келісімде газ бағасының асырып көрсетілуі, компанияның күмәнді трансшекаралық желілермен байланысы күдік туғызды. Мұндай желілердің кеңселері Нью-Йорктен басталып, Дубай және Гонконгке дейінгі аралықта орналасқан.

Ultimo Group компаниясының Мирзияевтің күйеу баласы Отабек Омаров басқаратын компаниямен байланысы бары анықталды. Осы желідегі басты адам Әзизжон Комилов президент күйеу баласының сенімді өкілі екені мәлім.

Бұған дейінгі зерттеулерде Омаров айналасындағы адамдар Мирзияев үкіметінің қолдауымен әжептәуір капитал жинағаны әшкереленген.

Ultimo Group Ташкентте 2021 жылғы наурызда тіркелген, бірнеше айдан кейін-ақ газ жеткізу бойынша ірі мемлекеттік келісім-шартқа ие болған. Алайда компанияның жұмыс істеп тұрған вебсайты жоқ, ал оның шартты қожайындарының бірі ретінде бизнеспен ешқашан айналыспаған бір зейнеткер әйел белгіленген.

Ultimo Group компаниясы Өзбекстанның газ нарығында қалай тез пайда болса, жұмысын да солай тез арада тоқтатқан. Компания Түркіменстаннан газ импорттауын тоқтатып, қызметін доғарған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG