Accessibility links

Блинкен Қытаймен қарым-қатынас оң болуы мүмкін екенін айтты


Қытай төрағасы Си Цзиньпин (оң жақта) және АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Пекиндегі келіссөз кезінде. 26 сәуір 2024 жыл.
Қытай төрағасы Си Цзиньпин (оң жақта) және АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Пекиндегі келіссөз кезінде. 26 сәуір 2024 жыл.

Израильдің Газадағы әскери қимылдарына қатысты АҚШ университеттерінде болып жатқан наразылық – Америка демократиясының айқын көрінісі деді АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен. Дегенмен ол наразылыққа қатысушылардың ХАМАС (АҚШ; Ұлыбритания және ЕО-да террористік ұйым танылған) қарулы тобының әрекетіне қатысты "тіс жармауын" сынады. Бұл жөнінде "Америка дауысы" сайты жазды.

Өткен аптада Reuters-тің мәліметінше, АҚШ-тың ірі университеттеріндегі наразылық кезінде шамамен 550 адам қамалған.

26 сәуірде Қытайдағы баспасөз жиыны кезінде Блинкенге "наразылардың талаптарына назар аудара аударасыз ба" деген сұрақ қойылды. Блинкен қақтығыс "өте қатты толқу" туғызғанын түсінетінін атап өтті.

"Президент әкімшілігі соғысты тоқтату үшін қолдан келгеннің бәрін істейді" деді ол.

АҚШ мемлекеттік хатшысы сыншыларды 7 қазанда Израильдің оңтүстігіне шабуылдаған ХАМАС-қа да назар аударуға шақырды.

Газа секторының "денсаулық сақтау органдарының"мәліметінше, Израильдің әскери реакциясының нәтижесінде 34 мыңнан астам палестиналық қаза болған, 77 мыңнан астамы жараланған. Бұл жөнінде "Америка дауысы" жазды.

Блинкеннің айтуынша, наразылық кезінде ХАМАС туралы мүлде айтылмаған. Израиль 7 қазан күнгі шабуыл қайталанбас үшін аталған топты жоятынын айтқан. АҚШ мемлекеттік хатшысының айтуынша, Вашингтон кінәсіз адамдарға келген зиян көлемін азайтуға тырысып, оларға тиісті көмек беруге көмектесуге күш салып отыр.

Энтони Блинкен Пекинде Қытай төрағасы және өзге де жоғары лауазымды тұлғалармен кездесуден кейін Қытайдың ғаламдық дағдарыста (Таяу Шығыс та бар) конструктивті рөл ойнау мүмкіндігі мәселесін талқылағанын айтты. Оның сөзінше, Пекин Иран мен оның одақтастарын қақтығысты ушықтырмауға көндіре алады.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Қытаймен қарым-қатынас оң болуы мүмкін екенін және шиеленісті бәсеңдетуге және қақтығыстың таралуын болдырмауға тырысады деп үміт білдірген.

"Біз бұл мәселе бойынша тұрақты байланыста боламыз деп келістік және бұл, әрине, менің ниетім" деді Блинкен.

XS
SM
MD
LG