Accessibility links

Ресей әділет министрлігі "Соғысқа қарсы тұру" феминистік ұйымының жұмысына тыйым салды


Феминистік белсенді Дарья Серенко
Феминистік белсенді Дарья Серенко

Ресей әділет министрлігі "соғысқа қарсы тұру" феминистік тобын "ұнамсыз ұйымдар" тізіміне қосты. Бұл іс жүзінде ұйымның қызметіне тыйым салынғанын білдіреді.

Бұған дейін топ "шетел агенті" тізіміне енгізілген. Ұйым өкілдерінің бірі белсенді Дарья Серенкоға сәуір айында федералдық іздеу жарияланды. Бұл оған қылмыстық іс бойынша айып тағылғандығынан хабар береді.

"Соғысқа қарсы тұру" феминистік тобы Ресейдің Украинаға басып кіргенін айыптаған. Ағарту акцияларын жүргізіп, ресейлік саяси тұтқындардың хаттарын оқу кешін ұйымдастырады. 2023 жылы ұйым белсенділері бейбітшілік жөніндегі Ахен сыйлығымен марапатталған.

Ресейде "ұнамсыз ұйымдармен" әріптестік орнатқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Ресей аумағында 150 ұйым осы тізімге енген. Арасында Азаттықтың Орыс қызметі сияқты тәуелсіз БАҚ, құқық қорғау топтары, зерттеу ұйымдары да бар.

Тізім туралы ақпарат шыққаннан кейін "Соғысқа қарсы тұру" феминистік тобы заңгерлермен кеңесіп, әріптестік орнату бойынша қауіпсіздік нұсқаулық шығаратынын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG