Accessibility links

Қырғызстанда мерекелік шарада жүк көлігі ондаған баланы таптап кетті


Оқиға болған сәт. 2 мамыр 2024 жыл.
Оқиға болған сәт. 2 мамыр 2024 жыл.

2 мамырда Қырғызстанның Жалал-Абад облысы Сузак ауданында "Манас" эпосын оқу шарасында Porter жүк көлігі 30 баланы таптап кетті. Бұл туралы Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады.

Елдің денсаулық министрі Алымкадыр Бейшеналиевтің сөзінше, 9-16 жастағы балалар зардап шеккен. Қазір жеті бала облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр, олардың үшеуінің жағдайы ауыр.

Бұған қоса, Сузак аудандық ауруханасына үш бала жеткізілген. Тағы сегіз бала да ауруханаға түскен, олардың жағдайы орташа ауыр екені айтылды. 11 балаға медициналық көмек көрсетілген.

Министр Бейшеналиев жағдайды бақылауына алғанын мәлімдеді.

Полиция Азаттықтың Қырғыз қызметіне оқиға Сузак ауданы Жерге-Тал ауылында болғанын растаған. Органның мәліметінше, 1976 жылы туған жүргізуші машинасын қалдырып кеткен, кейін өрде тұрған жүк көлігі төменге қарай ылдилап, оқушыларды таптаған.

Қазір осы іс бойынша Сузак ауданы полиция бөлімшесі тексеріс бастаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG