Accessibility links

Әуе шабуылынан Ресейдің Белгород облысында сегіз адам зардап шекті


Ресейдің Белгород қаласы мен облысы әуеден атқыланып, сегіз адам зардап шекті. Жараланғандар арасында 11 жасар қыз бар. Бұл жөнінде облыс губернаторы Вячеслав Гладков мәлімдеді.

Оның айтуынша, әуе шабуылы Украинадан жасалған. Жарықшақ тиіп жараланған бес адам ауруханаға жеткізілген, жеңіл жарақат алған үшін адамға оқиға орнында көмек көрсетілген. Зымыран шабуылынан 19 көппәтерлі үй мен төрт жер үйге, 40 автокөлікке зақым келген. Гладковтың айтуынша, кей зымырандан тұрғын үйлер мен көліктерге тура тиген.

Ал Ресей қорғаныс министрлігі Белгород облысының төбесінде 15 зымыран мен бір дронды құлатқанын хабаралады. Бұған қоса, Курск облысында үш дрон, Брянск облысында екі дрон құлатылды деп хабарланды. Бұл аймақтардың губернаторы бүлінген нысандар я жараланғандар туралы ештеңе айтпады.

Бұған қоса Краснодар аймағының жедел штабы Анапа түбіндегі мұнай базасына пилотсыз ұшақ түскенін айтты. Қорғаныс министрлігі ақпаратында бұл туралы ештеңе айтылмайды. Базада өрт шығып, бірнеше мұнай резервуары бүлінген, өрт сөндірілген.

Азаттық бұл ақпараттың рас-өтірігін нақтылай алмады. Украина жағы бұл туралы мәлімдеме жасаған жоқ

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG