Accessibility links

БАҚ: Киев АҚШ-тан Ресей аумағындағы нысаналар туралы барлау деректерін сұрайды


АTACMS ракеталары
АTACMS ракеталары

Киев Вашингтоннан Ресейдегі әскери нысандар туралы барлау деректерін сұрады. Бұл жөнінде Америка және Украинаның ресми тұлғаларына сүйенген Американың ақпарат құралдары жазды.

Кейінгі күндері осындай сауал жіберілген. Бұған дейін Вашингтон осыған ұқсас өтініштерді және АҚШ берген қару түрлерін Ресейдегі әскери нысандарға соққы жасау мақсатында пайдалану туралы өтініштерді кері қайтарған. Ресей әскерінің Харьков облысында әскери қимылдары күрт артқан шақта Киев осындай өтініш айтып отыр.

АҚШ-тың ресми түрде позициясы бұрынғыша қала береді. Жағдайды ушықтырмас үшін АҚШ Ресей аумағындағы нысандарға соққы жасауға көмектеспейді. Дегенмен АҚШ-тың ақпарат құралдары келтірген дереккөздің хабарлауынша, өтінішті Ақ үй қарастырады.

АҚШ Украинаға бірқатар барлау деректерін берген. Арасында Ресей әскерінің Украина шекарасындағы қозғалысы туралы мәліметтер де бар.

New York Times басылымының жазуынша, Киевке Ресей аумағындағы нысандарға соққы жасау барысында дрон және ракеталарын тиімді пайдалану үшін барлау деректері қажет. Қазір Украина коммерциялық спутниктердің деректерін пайдаланады. Ол оған Ресейдегі ірі ресейлік әскери базалардағы белсенділікті бақылауға мүмкіндік береді.

Екі апта бұрын Ұлыбритания НАТО елдерінің арасында бірінші болып Украинаға британ қаруларын Ресей аумағына соққы жасауға ресми түрде рұқсат берген.

Осы аптада Киевке сапары барысында АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен АҚШ Украина аумағынан тыс жерге соққы жасауды қолдамағанмен "қалай соғысу керектігін Киевтің өзі шешеді" деген. "Біз Украинаны тиісті техникамен қамтамасыз етеміз" деді ол.

Бұған дейін АҚШ-тың Украинаға 300 шақырымға дейін ұшатын баллистикалық ATACMS ракеталарын жібергені белгілі болған.

XS
SM
MD
LG