Бөтелкесінің сыртында Астана қаласындағы Бәйтерек монументінің суреті бар, көлемі 0,5 және 0,7 литрлік арақ саудаға былтыр желтоқсан айында шығарылыпты. Бірақ осы кезге дейін шишаның мойнындағы арабша жазуға ешкім мән бермеген. Өткен аптада семейлік бір тұрғын наразылық білдіргеннен кейін ғана бұл оқиға жұртқа мәлім болды.
ДАУДЫҢ БАСЫ – «БӘЙТЕРЕК»
«Бәйтерек» арағын өндірген ақтөбелік «Геом» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мұны «жаңа өнімнің дизайнын жасап шығарған компанияның ағаттығы» дейді.
«Геомның» өндіріс жөніндегі директоры Ольга Эрингтің айтуынша, оларда «ешқандай арам пиғыл болмаған – тек ұлттық колориті бар өнім шығармақ ниетпен Ресейдегі дизайнерлік компаниялардың біріне тапсырыс берген».
– Біз тез арада бұл өнімнің көзін жоямыз. Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі сауда өкілдерімізбен байланысып, тапсырма бердік. Бұл – біздің тарапымыздан жіберілген ағаттық. Ол үшін мұсылман қауымнан кешірім сұраймыз, – дейді Ольга Эринг.
Азаттық тілшісі түске дейін Ақтөбедегі бірнеше ірі сауда орталығын аралап көріп еді, дүкен сөрелерінен ол арақтың алынып тасталғанын байқады. Ал шағын дүкендерде 0,5 литрлігі 560-580 теңгеден, 0,7 литрлігі 650 теңгеден сатылатын «Бәйтерек» арағы әлі тұр екен.
– Мен араб тілі тұрмақ қазақ тілін де білмеймін. Оның үстіне «Геом» – лицензиясы бар өндіріс орны. Мен неге олар үшін жауап беруім керек! – деді өзін «Олямын» деп таныстырып, түсініктеме беруден бас тартқан қаладағы шағын дүкендердің бірінің сатушысы.
Ақтөбенің 11-ықшам ауданындағы «Әділ-Нұр» дүкеннің иесі Құралай Ырысмағамбетова:
– Осы хабар құлағыма тиген бойда дүкеніме келіп, сөрелерімді қарасам, «Бәйтерек» арағы таусылған екен. Ондай арақ болған күннің өзінде ешкімнің нұсқауын күтпестен сөреден алып тастаған болар едім. Алланың атын саудалай алмаймын, – деді.
Азаттық тілшісін түстен кейін өзі тұратын 11-ықшам аудандағы шағын дүкендерді тағы бір аралап шықты. Түске дейін дейін «Бәйтеректі» сатқан дүкендердің бәрі ол арақты сөреден алып тастаған екен.
«ПАЙҒАМБАР «ҚҰДАЙ ЖОҚ» ДЕУШІЛЕРДІҢ ӨЗІН КЕШКЕН»
Бұл араққа байланысты алғаш Семей тұрғындары мен қала имамдары, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы наразылық білдірген еді.
Ақтөбе облысының өкіл имамы Әбдімүтәліп Дәуренбеков те осы оқиғаға байланысты «Гоем» серіктестігіне хабарласқанын айтады.
– Кәсіпорынның басшысы Андрей Андреевич Гооге мен қоңырау шалғаннан соң араға 10 минут салып мешітке жетіп келді, – дейді Әбдімүтәліп Дәуренбеков.
Имамның айтуынша, «Бәйтерек» арағын өндіруші кәсіпкер «бір білместік кеткенін» айтып, кешірім сұрап, сәрсенбінің кешінде кешірімнің жазбаша нұсқасын да мешітке әкелген.
– Мұсылманға сабырлылық пен саналылық қана жарасады. Ашулы жұртты сабырға шақырамын. Пайғамбарымыздың заманында ол «құдай жоқ» деушілердің өзіне кешіріммен қараған. Білместік атаулының бәріне мұсылман адамның кешіріммен қарағаны жөн. Бұл – менің жеке пікірім. Ал мүфтияттың әрекеті қандай болатынын білмеймін, – дейді Ақтөбе облысының өкілі имамы Әбдімүтәліп Дәуренбеков.
ДИЗАЙНЕРДІҢ «ДИЗАЙНЫ»
«Гоем» серіктестігінің директоры Андрей Гооге сәрсенбі, 5 сәуір күні түстен кейін Ақтөбедегі «Нұр-Ғасыр» мешітінде баспасөз мәслихатын өткізіп, жұрттан кешірім сұрап, «демеушілік көмек көрсетуге әзір екенін» де айтты.
Оның айтуынша, бөтелкенің мойнына кигізетін қорғаныш қалпақтың дизайнын жасаған кезде шығыс үлгісіндегі ою қолданбақ болған, «бірақ дизайнер тарихи кітаптағы өрнек репродукциясының бір бөлігін ою екен деп көшіріп алыпты».
Гоогенің сөзіне қарағанда, бұл арақ 2011 жылдың соңында, жаңа жыл қарсаңында ғана шыққан - арабша жазудың сыры белгілі болған соң өндірістен алынып тасталған.
– Бәріміз - Қазақстан азаматымыз. Отандастарымыздың көбі ұстанатын дінге құрметпен қараймыз. Қазақстандағы дінге сенетін адамдардың бәрінен тағы да кешірім сұраймын, – дейді «Гоем» серіктестігінің директоры.

Дизайнер тарихи кітаптағы өрнек репродукциясының бір бөлігін ою екен деп көшіріп алыпты.