Accessibility links

Маңғыстау мұнайшылары Стингке алғыс айтты


Британдық музыкант Стинг Италиядағы концертінде. 13 желтоқсан 2006 жыл.
Британдық музыкант Стинг Италиядағы концертінде. 13 желтоқсан 2006 жыл.

Ал Еуропарламент депутаттары Қазақстан президенті Назарбаевқа хат жазып, Маңғыстаудағы ереуілшілер мәселесін бейбіт жолмен шешуге шақырды.


Мұнайшылар әнші Стингтің жақсы көретін жанкүйерлерімен кездесе алмағанына өкініш білдіріп, қиын кезде өздерін қолдаған британ жұлдызына алғыс айтады.

МҰНАЙШЫЛАРДЫҢ АЛҒЫСЫ

«Сіз өзіңіздің азаматтық позицияңызды көрсетіп, Қазақстандағы әншілер бата алмаған нәрсені жасадыңыз. Бұл қимылыңыз сізден тым алыста жатқан Қазақстанның батысында, Маңғыстау шөліндегі өздерінің құқықтарын талап етуге тырысқан бізге күш қосады» дейші мұнайшылар Стингке жолдаған хатында.

Бұл хатқа 900 мұнайшы қол қойған.

Астана күніне орай арнайы шақырылған ұлыбританиялық әнші Стинг мамыр айынан бері әлеуметтік құқықтарын талап етіп ереуілдеп жатқан Маңғыстау мұнайшыларын қолдағанның белгісі ретінде шілденің 4-і күні
Еуропа парламенті өкілдерімен кездесуге келген Маңғыстау мұнайшылары. Жаңаөзен, 17 шілде 2011 жыл.

Астанада өтуге тиіс деп жоспарланған концертінен бас тартқан еді.

Стинг осыған орай шілденің 3-і күні вебсайтында арнайы мәлімдеме жариялаған.

ЕУРОПАРЛАМЕНТТІҢ НАЗАРБАЕВҚА ҮНДЕУІ

Сейсенбі күні Еуропарламент депутаттарының Қазақстан президентіне жазған үндеуі ақпарат құралдарында жарияланды.

Олар Қазақстанның батыс өңірінде өз құқықтары орындалуын талап етіп, полициядан құқай көрген жұмысшылардың жағдайына алаңдап отырғандарын айтады.

«Қарулы полицияның наразылық шарасын өткізген бейбіт азаматтарға шабуыл жасағаны туралы бірнеше хабар жетті. Бізді әсіресе Жаңаөзен мен Маңғыстау қалаларындағы жағдай да ерекше алаңдатып отыр. Бізге жеткен ақпарат бойынша, жұмысшылар тәуелсіз әрі тиімді жұмыс жасайтын кәсіподақ құруға, ұжымдық келісім-шарт пен халықаралық еңбек стандартына сәйкес келетін еңбек жағдайы мен жалақыға ұмтылып отыр» делінген үндеуде.

Үндеу авторлары ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевты жұмысшылар мен компания арасында туындаған еңбек дауын бейбіт жолмен шешіп, сол
Еуропарламент депутаты Пол Мерфи. Алматы, 19 шілде 2011 жыл.

үшін қуғын көрген азаматтарды тез босатуға шақырды.

Олар мемлекеттің бұл тұста бейтарап позиция ұстанып, дауды заң бойынша шешетініне үміт білдіріп отыр.

Үндеуге Еуропа парламентінің жеті депутаты қол қойған. Олардың арасында шілде айының ортасында Маңғыстауға келіп, оқиғаны өз көзімен көріп қайтқан депутат Пол Мерфи де бар.

Осы сапарынан кейін Алматыда жиын өткізген Пол Мерфи мұнайшылардың талабы заңды екенін, көрген-білгенін әлемге жария ететінін айтқан еді.

Еуропа парламенті депутаттарының хатын Қазақстан президенті әкімшілігі алғаны-алмағаны әлі белгісіз. Сәрсенбі күні Азаттық тілшісіне президент әкімшілігінің өзін таныстырудан бас тартқан қызметкері «ешқандай ақпарат білмейтіндігін» айтты.

Ал президенттің баспасөз хатшысы Бағлан Майлыбаев жауап бермей, телефон тұтқасын тастай салды.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG