Латвияда латыш тілі ғана мемлекеттік тіл болып қалады. Сенбі күні елде орыс тілінің мәртебесіне қатысты өткізілген референдумда дауыс бергендердің ара салмағын алып қарасақ, орыс тілінің екінші мемлекеттік тіл болуын сұралғандардың 25 пайызы жақтап, 75 пайызы қарсы дауыс берген.
Латвия Орталық сайлау комиссиясы референдумдағы дауыс берулердің кедергісіз және тыныш өткенін атап өткен. Паспорты қолында болған азаматтың кез келген сайлау учаскесінде дауыс беруіне жағдай жасалған. Дегенмен ел астанасы Рига қаласындағы учаскелердің бірінде кезекте тұрған адамдар көп болса, екіншісінде дауыс берушілер мүлде көзге шалынбаған.
Референдумды ұйымдастырушылардың бірі «Туған тіл» деп аталатын қоғам өкілдері орыс тілін екінші мемлекеттік тіл ету ұсынысына кемінде 300 мыңдай адам дауыс береді деп үміттенген екен, шын мәнінде жақтағандар 275 мыңдай болыпты. Орыс тілінің екінші мемлекеттік тіл мәртебесін иеленуіне қарсы болып Латвияның 820 мың тұрғыны дауыс берген.
«Интерфакс» агенттігі Латвия президенті Андрис Берзиньш референдумнан кейін журналистер алдында сөйлеген сөзінде Конституцияға қандай да бір өзгеріс енгізу үшін алдымен ойланып алу керектігін атап өтті деп хабарлайды:
-Бұл (референдум) біздің бәрімізге де салмақты сынақ және сабақ болды. Екінші мемлекеттік тіл үшін дауыс беру Конституцияның қасиетті қағидаларының біріне қауіп төндірді. Сондықтан да қазір Конституцияның негіздерін нығайту мен биліктің моделін өзгерту тұрғысында пікір алмасатын уақыт туды,- деп мәлімдеген Латвия президенті Андрис Берзиньш референдум қорытындысына қатысты сөзінде.
Совет Одағы құлағаннан кейін Латвияда латыш тілінің ресми мәртебесін қайта жаңғырту үшін кең көлемді шаралар атқарылғандығы аян
Балтық аймағындағы басқа көршілес елдердегі тәрізді Латвияда азаматтық алу талабы күшейтілді. Лавия азаматы атану үшін латыш тілінен емтихан тапсыру қажет. Сондай-ақ Латвияда паспорттың екі түрі бар: бірі Латвия азаматының, екіншісі Латвия азаматы еместердің төлқұжаты. Латвия азаматы еместердің де құқтары бірдей, тек дауыс беру құқы ғана шектелген.
Латвияда 2 миллионнан астам халық тұрады. Тұрғындардың көпшілігі орыстар мен бұрынғы Совет елдерінен шыққан түрлі ұлт өкілдері.