Accessibility links

Алматыда Геннадий Павлюктің өлімі бойынша алдын-ала сот тыңдауы басталды


Қырғыз журналисі Геннадий Павлюк. Жеке мұрағаттағы сурет.
Қырғыз журналисі Геннадий Павлюк. Жеке мұрағаттағы сурет.
Бүгін Алматының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотында қырғызстандық журналист Геннадий Павлюктің қазасы бойынша қозғалған қылмыстық іс бойынша алдын-ала сот тыңдауы басталды. Бұл туралы сол жерден Азаттық тілшісі хабарлады.

Журналист Геннадий Павлюк 2009 жылы желтоқсанның 16-сы күні Алматы қаласындағы тұрғын үйлердің бірінің 6-қабатынан жұмбақ жағдайда құлап, сол ауыр жарақаттан есін жимаған күйі желтоқсанның 22-сі күні Алматы ауруханасында қайтыс болды.

Қазақстан полициясы бұл іс бойынша күдікке ілінген үш адамның (екеуі Қазақстан, біреуі Қырғызстан азаматы) үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеудің аяқталғаны туралы биыл наурызда хабарлаған еді.

Тергеу қорытындысы бойынша, күдіктілер журналисті Қырғызстаннан Алматыға алдап шақырып, Фурманов көшесіндегі үйдің пәтерінде оны скотчпен байлап-матап, материалдық құн талап еткен. Алайда бұдан түк шықпаған соң олар журналисті жоғары қабаттағы пәтердің терезесінен лақтырып жіберген.

Бірақ Павлюкпен өмірінің соңғы кезінде араласқан қырғыз саясаткерлері журналистің өлімінде саяси астар болуы мүмкін деп мәлімдеген еді.
XS
SM
MD
LG