Accessibility links

Сот шешімімен Қазақстан компартиясының қызметі 6 айға тоқтатылды


Қазақстан компартиясының белсенділері жиын өткізіп тұр. Орал, 6 қараша 2010 ж.
Қазақстан компартиясының белсенділері жиын өткізіп тұр. Орал, 6 қараша 2010 ж.
Алматының ауданаралық әкімшілік соты Қазақстан коммунистік партиясының қызметін алты айға тоқтатты. Оған саяси партияның жетекшісі Ғазиз Алдамжаровтың "Халық майданы" бірлестігіне қатысуы негіз болған.

Бұған қоса Алматы прокуратурасы Ғазиз Алдамжаровқа қарсы әкімшілік іс қозғаған еді. Тіркелмеген "Алға" партиясының вебсайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, прокуратура Ғазиз Алдамжаров "Халық майданына" мүше болып, қоғамдық бірлестіктер туралы заңды бұзды деп тапқан.

Азаттық радиосына берген түсініктемесінде Ғазиз Алдамжаров бұл сот шешімнің астарында биліктің "оппозициялық партияны мерзімінен бұрын өтетін парламент сайлауына қатыстырмау ниеті жатыр" деп санайтындығын айтты.
XS
SM
MD
LG