Accessibility links

Қоғамдық белсенді Жанна Байтелова жауапкершілікке заңсыз тартылғанын айтады


Полиция қоғамдық белсенді Жанна Байтелованы ұстап әкетіп барады. 1 мамыр, 2010 жыл.
Полиция қоғамдық белсенді Жанна Байтелованы ұстап әкетіп барады. 1 мамыр, 2010 жыл.
Кеше, қарашаның 22-сінде мұнайшыларды қолдаған белсенді Жанна Байтелова Алматы қаласының Жетісу аудандық сотына шағым түсірді. Шағымында ол өзін жауапқа тартқан адамдардың әрекетін заңсыз деп тауып, моральдық шығын өтеуді сұрайды.

Ереуілдеген мұнайшылар мен олардың белсендісі Наталья Соколованы қолдаған акцияға қатысқан қоғамдық белсенді Жанна Байтелова өзінің 14 күнге қамаған әкімшілік жазаның заңсыз екендігін айтады.

Қоғамдық белсенді Жанна Байтелова тамыз айының соңында бейбіт жиын, шеру, пикет және демонстрация өткізудің тәртібі жөніндегі заңды бұзды деп 14 күнге қамалған болатын. 17 тамызда белсенділер Жанна Байтелова, Дмитрий Тихонов және Арман Ожаубаев «Нұр Отан» партиясының Алматыдағы кеңсесінің алдында «Наталья Соколоваға бостандық» және «Мұнайшылар – Қытайдың құлдары емес» деген ұрандар көтеріп шыққан еді.

Жанна Байтелованың ұйғаруынша, оның сот ісінде жалған деректер бар. Осыған байланысты оған қылмысын екі рет қайталаған адамды соттайтын бап бойынша айып таққан. Алайда, белсенді Байтелова жыл бойына өзіне қатысты жаза өндірудің болмағанын айтады. Яғни, оны жауапкершілікке тартқан бап орынсыз қолданылған.
XS
SM
MD
LG