Accessibility links

Қазақстан "Қарашығанақтың" 10 пайызына ие болды


Қазақстан Қарашығанақ жобасының 10 пайыз үлесін иеленетін болды деп хабарлайды ақпарат агенттіктері.

«Қазақстан жаңалықтары» агенттігінің айтуынша, 2009 жылдан бері созылып келе жатқан келіссөздердің нәтижесінде Қарашығанақ консорциумы Қазақстанның пайдасына 2009 жылдың соңына дейінгі уақыттағы келіспеушіліктерді реттеуге қатысу үшін 5 пайыз үлес беруге, және жобаға қатысу үшін қосымша 5 пайызын нарықтық бағамен сатуға келіскен.

Бұдан бөлек, жобаға қатысушылар шығындарды бақылау тетіктерін келісе отырып қолдануды, салық және кедендік төлемдер, шығындарды жабу сияқты мәселелердің ашық болуын қамтамасыз ететін келісімдерге қол қойған.

Қазақстан Қарашығанақ мұнай және газ конденсатын өндіру жобасына қосылу ниетін алғаш 2009 жылы мәлім еткен болатын. 2010 жылы Қазақстан консорциумды мұнайды шектен тыс өндіреді деп айыптап, аяғында консорциуммен келіссөздер жасай бастады.

Karachaganak Petroleum Operating консорциумында BG және Eni компаниялары (32,5% ), америкалық Chevron (20%), және ресейлік «Лукойл» компаниясының (15%) үлестері бар.
XS
SM
MD
LG