Accessibility links

Алматыда Жаңаөзенге қатысты жиын өтті


Жартылай жанып кеткен президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесі басылған банер. Жаңаөзен, 19 желтоқсан 2011 жыл.
Жартылай жанып кеткен президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесі басылған банер. Жаңаөзен, 19 желтоқсан 2011 жыл.
Бүгін Алматыдағы жазушылар одағында 100 шақты адам Жаңаөзендегі оқиғаға байланысты жиын өтті деп хабарлайды Азаттық тілшісі. Жиынға қатысушы ақын-жазушылар мен журналистер жаңаөзендік мұнайшыларға қолдау білдіріп, ондағы биліктің әрекетін айыптап отыр.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, полиция жиынды ұйымдастырушы Хасен Қожахметті үйінен шығарда тұтқындап әкеткен. Жиынға қатысушылар тұтқындалған Хасен Қожахмет пен желтоқсанның 17-сі күні Жаңаөзенге қатысты билікті айыптағаны үшін ұсталып, 15 тәулікке қамалған Серік Сапарғалиевті босатуды талап етті.

Жиынды полиция қызметкерлері сырттай бақылап жүрген.
XS
SM
MD
LG