Бүгін «Интерфакс» агенттігі Жаңаөзендегі тәртіпіздіктерді басу кезінде өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілкке тартылған 5 полиция қызметкері үйқамағына шығарылды деп хабарлады.
Агенттіктің хабарлауынша, полициялар оншақты күн бұрын ұсталып, кейіннен прокурордың санциясымен үйқамағына ауыстырылған.
16-17 желтоқсан күндері Жаңаөзен мен Шетпедегі толқуларда ресми деректер бойынша 17 адам құрбан болған. Қазақстан бас прокуратурасы полиция қызметкерлері Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздіктер барысында «негізінен заң аясында әрекет етті, тек қана кейбір жекелеген жағдайларда қару мен арнайы құралдарды қолдануда артық кеткен тұстар болды» деп мәлімдеген еді.
Мұнан соң Маңғыстау облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Қабдығали Өтеғалиев, ІІД-нің экстремизммен күрес бөлімінің бастығы Бекжан Бағдабаев, Жаңаөзен қалалық ІІБ бастығының бірінші орынбасары Ерлан Бақытқалиұлы, Маңғыстау облыстық ІІД-нің арнайы өкілі Ринат Жолдыбаев және Жаңаөзен қалалық ІІБ уақытша қамау орнының бастығы Жеңісбек Теміров қылмыстық жауапкершілікке тартылған болатын.
Маңғыстау облыстық ІІД-нің ардагерлер кеңесі Қазақстан билігін айыпталып отырған әріптестерін қоғамнан оқшауламауды сұрап, ұсталған полицейлерге араша түскен еді.