Accessibility links

Сноуденнің әкесіне Ресей визасы берілді


Лон Сноуден, АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуденнің әкесі.
Лон Сноуден, АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуденнің әкесі.
АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуденнің әкесі Лон Сноуденге ұлын көруге Ресейге бару үшін виза берілді. Лон Сноуден мен оның отбасының адвокаты Брюс Фейн бұл туралы ABC телеарнасына берген сұхбатында айтты.

Сноуденнің әкесі Ресейге нақты қай уақытта баратыны туралы хабарламады. Бірақ адвокаты оның Ресейге таяу уақытта барып қалуы мүмкін екенін айтады.

Эдвард Сноуден қазір Ресейде тұрып жатыр. Оған АҚШ-та құпия ақпаратты әшкере қылды" деген айып тағылып, іс қозғалған. Ресей оған бір жылға уақытша баспана берген.

Ресейдің Эдвард Сноуденді АҚШ-қа бермей қоюы екі ел қарым-қатынасын нашарлатып жіберді.
XS
SM
MD
LG